Байланыс>>
Қазақстан Жазушылар Одағы
<< №17 (3337) №18-19 (3339)
№20 (3340) >>

Қаламдағы қаһармандық немесе жастардың соғысты сезінуі

Осыдан бір жыл бұрын, 9 мамыр күні Алматыдағы ескі алаңға шығуға уағдаластық. Күндіз барайық дегенде арамызда бір бойжеткен: «Қой­шы, тапа-тал түсте түк қызық жоқ. Қайдағы бір соғыс туралы театрлан­дырылған кө­рініс­терден үзінді көрсетіп, ардагерлерге сыйлық беріп, іш пыстырады. Одан да кешке барайық», – деді. Хош деп, кешке таяу алаңға қарай бет түзедік. Адам ығы-жығы. Дені жастар екен.

(оқу)

БАТЫР ДОСЫМА

(Совет Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллинге)

(оқу)

Таутұлға

Жаз кезі. Кеңседегі қара телефон іші ауырған балаша шыңғырып жатыр екен, құлаққатосарды көтердім. Арғы жақтан:
– Бұл кім? – деген күмбірлі қоңыр дауыс естілді. Таныдым. Қасым Қайсенов.
– Аға, ассалаумағалейкүм?
– Әликүмсалам! Бұл кім? – дейді тағы да.
– Қасым аға, мен – Еркінмін ғой.

(оқу)

Бұл дүние мен о дүниенің кейіпкері

Қолға қалам алғанда батпандай жүкті арқаға артар жазарман қауым­ның көкейінде жүргенін, көңілінде нендей тілек барын кім білген. Біреуі за­мананың халін ойлап мұңайса, енді бірі келер жылы өтетін мерейтойына алаң­дайтын болар. Үлкені бар, кішісі бар, қолжазба шаңын жұтатыны бар, жұптайтыны бар – әрқайсысы әр түрлі тебіреніс үстінде көрінеді. Соған сай, сөйлер сөздері мен айтар әң­гімелері де әрқилы.
Бүгін біз қарттық жасқа жетіп отыр­ған жазушы Адам Мекебаймен сөй­лескен едік...

(оқу)

«Апалы-сіңлілі үшеу»

А.П.Чехов – әлем сахналарында ең көп қойылатын драматург. Ал, Мәскеуде Чехов атындағы Халықаралық театр фестивалі тұрақты түрде өтіп тұрады. Оның драмаларында адамның жан-дүниесі сондай бір нәзік те зиялы түрде ашылады. Ұлы драматург адам тағдырын уақыт ағынында бейнелейді. Сондықтан да оның пьесаларындағы қоғам картинасы да жанды. Осындай драмаларының бірі – «Апалы-сіңлілі үшеу» Қазақстанда алғаш рет М.Әуезов театрында қойылды. Бұл сахнада кезінде Чеховтың көрнекті режиссер Ә.Мәмбетов қойған «Сүйікті менің ағатайымы» (аударған Ә.Кекілбаев) көркемдік құбылыс болғаны көзіқарақты қауымға белгілі. Ал, Б.Атабаев қойған «Шағаланың» эксперименттік сипаты басым болды.

(оқу)

Сиқырлы таяқша және дара мамандық

Ақындық секілді дирижерлік те Тәңірден берілетін сый дейді. Мықты дирижер болу үшін, Шамғон Қажығалиевше айтқанда, «дирижер болып туу керек». ҚР Еңбек сіңірген әртісі Жалғасбек Бегендіковтың концертін көргеннен кейін осы сөздің растығына көз жеткізгендей болдық.

(оқу)

Ақалтекелі Аладин

Мұнай мен газға бай Вадия атты дамушы елдің Аладин есімді адмирал-генерал шенді билеушісі дербес олимпиада ойындарын ұйымдастырады. Жаяу жарысқа спортшыларды өзі бастап шығады да, мәре сызығында белгі күтіп тұрған бәсекелестерінен алға қарай біраз ұзап кеткесін барып қолындағы жалт-жұлт еткен алтын тапаншасын жоғары көтеріп тарс еткізеді. Сосын тапырақтап тұра жүгіреді. Жарыс­ты кейін қалып бастаса да, соңындағы желаяқтар сәлден соң бұны қуып жетуге айналады. Мұны көрген Аладин жол бойы өзінен озуға талпынғандарды атып тастап отырады. Сөйтіп мәреге жеке-дара жетуге аз қалады. Бірақ өкпесі құрғыр сыр беріп, денесі дел-сал болып әлі құри бастайды. Сол кезде Аладиннің ишарасы бойынша мәре сызығын бейнелейтін лентаны ұстап тұрған екі адам бұған қарсы жүгіреді. Осылайша «жеңімпаз билеуші» мәре сызығын бірінші болып «кесіп өтіп», көптің қошеметіне бөленеді.

(оқу)

Жаймашуақ

Бұл естелік емес, еске алу. Көңілдің сонау бір шапағаттың шуағындай, кей-кейде ақ жаңбырдан кейінгі кемпірқосақтай нұрланып, жарқырап өтетін періште кез дерсің. Алтын күздің тамылжып тұрған жайдары жайсаң мезгілі. Халқымыздың мақтанышы, асқаралы ағамыз Бәукең «Алматы» санаторийінде демалып жатыр екен.

(оқу)

Әлиге жабылған жала

Бұл күндері Астана қаласында тұрып жатқан, тоқсаннан асқан Раушан әпкенің (Әлидей асыл ағаның қарындасын басқаша атаудың жөні жоқ сияқты) жолдаған сәлемі жеткен кезде есімін туған елі біле түссе екен деген тілекпен келген хұсни жанның бейнесі сол қалпында көз алдыма келе қалды. Одан бері де көптеген жылдардың жүзі аунаған екен...

(оқу)

Жұмекеннің кіші қайын атасы...

Жұмекен ақынның жуырда жарық көрген жеті томдық шығармалар жинағының жетінші томына енгізілген әулет мұрағатынан алынған суреттердің ішінде Сталинград майданында сол аяғын беріп, елге аман оралған менің әкем Хамиттің суреті де берілген. Суреттің астына жазылған «Жұмекеннің кіші қайын атасы Хамит Шәкуалиев – Ұлы Отан соғысының ардагері. Сталинград шайқасында бір аяғынан айрылған, көптеген орден-медальдардың иегері» деген жазбаны оқыған адамның «кіші қайын ата» деген сөзге ойланары хақ. 

(оқу)

БОЛМАСЫН СОҒЫС!..

Ұлы Отан соғысының жеңіс күнін 68 жыл тойласақ та, әр қазақтың шаңырағын шайқалтып кеткен сұрапыл жылдарды ұмыту мүмкін емес. Біреудің әкесін, енді біреудің жалғызын, тағы бір отбасының екі-үш азаматын қатарынан жалмаған соғыс жарасы жазыла қоюы қиын-ау!.. Ел басына түскен сол зобалаң біздің әулеттің де шаңырағын айналып өткен жоқ еді. Әз атам Жантайдан Қалдыбай, Малдыбай, Байғабыл деген үш ұрпақ тараймыз. Атақоныстары Шыңғыс тауының күнгейінде, бабамыздың моласы сол жерде көрінеді. Қалдыбай атамның 21 ұлы болған екен. Ашаршылықтан, үркінші зобалаң мен оба-шешек ауруларынан көбі қырылып кетіпті. Атам малды-жанды, ауқатты адам болған екен. Жетпістен асып, ауырып жатқан кезде көңілін сұрай келген құрдасы:

(оқу)

Соғыс жылғы бағбан

(Ұлы Отан соғысының ардагері,
әкем Бақыртан Жаубасұлының рухына арнадым)

(оқу)

«Егеулі найза» өзі еді

(Жазушы-журналист Сейдахмет Бердіқұловты еске алғанда ойға оралған үзік сырлар)

(оқу)

Қиялгер

Студент күнімізде шәкірттерімен әрқашан тең дәрежеде сөйлесетін, қалжыңдары аңызға айналып кететін Абдул-Хамид Мархабаев ағайға біз тобымызбен үйір болатынбыз. «Қарындарың ашты ма?», – деп, жасыл жейдесінің төс қалтасынан ақша шығарып, асханаға жіберетін әкелік қамқорлығының өзі арамызды туыстардай жақындатты ма екен? Бірақ ол кез бұл кісінің қазақ әдебиетінде кейін қалған фантастика жанрының алғашқы және көрнекті авторы екенін аса түйсіне қоймаған шағымыз. Филология ғылымының докторы, профессор, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, әлемдік фантастика үлгілерін қазақша сөйлетіп жүрген аудармашы ұстазымыздың өмір жолы ешкімдікіне ұқсамайтын, өзгешелеу екенін кейін білдік. Сөйтіп, балалық шағының бір жылын кептер қууға арнаған, оқуға түспей жатып фантаст-жазушыларды ащы сынымен түйреген қиялгермен әңгіме өткізуге ниет таныттық. Тұңғыш ғылыми-фантастикалық “Ғарыштағы қымыз” жинағынан бастап, “Арал әуендері” , “Сен кінәлісің, Шолпан планетасы”, “Жұлдыздар жарығы Жерге жетеді”, т.б. жиырма шақты кітабын тасқа басқан қарымды қаламгермен арадағы әңгіме төмендегiдей өрбіді.

(оқу)

Қалмақанның қаламы мен қаруы

1941 – 1945 жылдарда неміс-фашист басқыншыларымен болған Ұлы Отан соғысына қатысып, қаламын да, қаруын да жаумен күреске жұмсаған қазақ қаламгерлері баршылық. Олар – Қасым Аманжолов, Қалмақан Әбдіқадыров, Қалижан Бекхожин, Баубек Бұлқышев, Абдолла Жұмағалиев, Жұбан Молдағалиев, Жұмағали Саин, Әбу Сәрсенбаев және басқалар.

(оқу)

«Жаман жазуға ұяламын...»

1970 жылдардың басында «Жалын» журналында ҚазГУ-дің журналистика факультетінің екінші курс студенті Серік Байхоновтың «Жалғасым – менің жалғасым» атты повесті жарияланып, бәріміз сүйсініп оқыдық. Небәрі 18 жастағы бозбала жігіттің әдебиетке жан-жақты дайындықпен келгенін аңғартады. Шағын повесті оқи отырып, жаңа жауған қардай балаң тазалықты аңғарасың, өзіңді мөлдір бұлақтан су ішкендей сезінесің. Шымыр жазылған шығарма ешкімді де бей-жай қалдырмайды, жатық, тілі де шұрайлы. Жас та болса ауыл адамдарының мінез-құлық ерекшеліктерін нағыз жазушыға тән байқағыштықпен аңғарып, шығармаларына арқау етеді. Бұдан кейін де Серік Байхоновтың республикалық мерзімдік басылымдарда жарияланған бірнеше әңгімелерін оқыдым. Жас жазушының талпынысы мен ізденісі, өзіндік қолтаңбасы бар. 

(оқу)

ТАНЫС БЕЙНЕЛЕР

Балам ұстағандарға сөз арнағанда, қарадай қиналасың. Неден бастарыңды білмей дағдарасың. Төрге озбаған, бастық болмаған. Атақтан да тапшы. Бір жақсысы, шатақтан құр алақан емес. Кілең мінезді келеді. Айтарға ғой. Осы күні кімде жөні түзу мінез қалды дейсің. Күнкөрістің қамындағы күйбең тіршілік қаламшы тұрмақ, азуын айға білеген батырдың өзін бүктеп жіберуге бар. Қатыгез заманның темір құрсауына бірінші кезекте, қалам ұстағандар ілікті. Әсіресе әдеби ортадан қалыс шеткергі аймақтарда тұратын қаламгерлер қорғансыз жағдайда. Оларға жіліктің майлы басы тие бермейді. Мадақ-марапаттан жұрдай. Кітаптары да сараң жарық көреді. Жарық көрген дүниелеріне сыншылардың назары сирек түседі.

(оқу)

Кең дүниені кезіп кеткім келеді...

Есенқұл Жақыпбеков 

(оқу)

Төсіңнен текті өлең көшіріп…

Қалқаман САРИН

(оқу)

«Қарапайым адамның көзіндегі мейірім»

Бір кездері «Қазақ әдебиетінде» қызмет еткен әріптесіміз Бекжан Әшірбаевпен әңгіме тиегін ағыта отырып, ақындық, шығармашылық әлем туралы ой өрбіткіміз келді. Бүгінгі әдебиеттің айналасында жүрген қаламдас бауырларының шығармашылығынан басталған әңгіме заманымыздың кейіпкерін іздеумен тәмамдалды десек, сөзіміздің бір түйіні шешілмей қалғандай көрінері анық. Әйтсе де, болашақта талай-талай әңгіменің арқауы болар әдебиет тақырыбы – ақынмен сұхбаттың бір парасы ғана деумен, қазір «Заң газетінің» бас редакторы, қаламгер Бекжан ақынның әңгімесін ұсынамыз.

(оқу)

Сөз іздеп жүрмін

Менің бір үлкен арманым бар. Ол – қазақ тілінің сөз байлығын түгендеу. Әдетте кез келген тілдің сөз байлығы сол тілдің түсіндірме сөздіктерінде түгенделуге тиісті.

(оқу)

ҰСТАЗДЫҚ пен ҰСТАЛЫҚ

Белгілі ақын Серікбай Оспанұлы ағаш жонып, ата кәсіпті асқан шеберлікпен қатар алып жүр­ген ғалым-қаламгер. Ұлттық өнерді ғылыми тұр­ғыда өрістетіп, тұтынушылардың алғыс-ықы­ла­сына бө­ленгені сыр суыртпақтауға тұрарлық-ақ құбы­лыс... 

(оқу)

Қалжыңқалта

(оқу)
ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫ Алматы қ. Абылай хан көшесі, 105
Яндекс.Метрика
Хатшылық құрамы Жаңалықтар Фотогалерея Қазақстан жазушылар одағының мүшелерi